20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТалдықорған қаласында Қазақстан батыры Ғазиз Байтасовқа арналған мемориал ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Талдықорған қаласында Қазақстан полициясы күнінде Қазақстанның Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовқа арналған мемориал ашылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың қараша айында полиция капитаны Ғазиз Байтасов Тараз қаласында қауіпті террористі ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан. Лаңкес қол гранатасын жаруға әрекет еткен кезде Ғазиз Байтасов халықты қауіптен аман алып қалу үшін қылмыскерді жерге құлатып, өз денесімен гранатаны жапты. Ғазиз Байтасов 1971 жылы сәуірде Жамбыл облысында дүниеге келген.
Қазақстан полициясы қызметкерлерінің арасында ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары марапаттарға ие болған жігіттер аз емес. Қайтыс болғаннан кейін марапатталғандар да бар. Олардың әрқайсысының ерен ерлігі, қаза тапқан батырлардың есімдері халық жадында мәңгі сақталады, – деді Талдықорған қалалық ПБ бастығы Марат Күштібаев.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?