Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы6 ақпанда Талдықорған қаласында дабыл қағылады. Бұл туралы Жетісу облысының әкімдігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2025 жылғы 6 ақпан күні сағат 11:00-де облыстық құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізу мақсатында электродабылдар қосылатынын хабарлайды, – делінген баспасөз хабарламасында.
Осыған орай құтқарушылар өңір тұрғындарын сабырлық сақтауға және жағдайға түсіністікпен қарауға шақырды.
Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдай кезінде электродабыл қосылғанда не істеу қажеттігін түсіндіріп өткен. Яғни электродабыл қоыслғанда үйде болсаңыз мынадай шараларды орындаңыз:
радио және теледидарды қосыңыз;
шұғыл хабарды тыңдаңыз;
берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Ал егер бұл кезде көшеде немесе аулада болсаңыз, көшеде іске қосылатын дауыс ұлғайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдары арқылы хабарландыруға құлақ асқаныңыз жөн. Содан кейін ол жерде айтылған ақпаратқа сәйкес әрекет етуіңіз қажет.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді