Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТалдықорған қаласының тұрғыны заңсыз балық аулағаны үшін қылмыстық жазаға тартылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ІІМ мәліметінше, 43 жастағы ер адам басқарған BMW автокөлігінде полицейлер заңсыз ауланған балықты тәркіледі. Тәркіленген балықтардың бірі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген, салмағы 9 келіден асатын бекіре тұқымдасты балық болып шықты.
Браконьерлік жолмен ауланған балықты тиеп алған автокөлік Талдықорған-Үштөбе тас жолының 40 шақырымында ұсталды.
Сараптама тәркіленген бекіре тұқымдас пілмай балық екенін растады. Болжам бойынша, Қаратал өзенінің төменгі ағысында балық аулауға тыйым салынған жерде балық аулаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деді Жетісу облысы ПД табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді