19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Талдықорғанда 50 жастағы ер адам көлік қағып, мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, қайғылы жағдай Абылай хан көшесінде орын алған.
BMW маркалы көліктің тізгінінде Талдықорған қаласының 20 жастағы тұрғыны болған. Ол рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, - делінген ведомствоның ақпаратында.
Жол-көлік оқиғасына сәйкес, сараптама тағайындалған.
Тәртіп сақшылары жыл басынан бері өңірде жаяу жүргіншілердің қатысы бар 52 жол-көлік оқиғасы болғанын мәлім етті. Олардың ішінде, 10 адам көз жұмып, 44-і түрлі дене жарақатын алған.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары