Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТалдықорған қаласында салынатын онкологиялық диспансердің жобасы дайын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құны 10 млрд теңге болатын әлеуметтік жобаны «Kazakhmys Holding» компаниясы іске асырады.
Маусым айында облыс әкімдігі, денсаулық сақтау министрлігі, «Kazakhmys Holding» инвестор-компаниясы Талдықорғанда онкологиялық орталық салу туралы үш жақты меморандумға қол қойған. Инвестор өз қаржысына орталық ғимаратын тұрғызады, денсаулық сақтау министрлігі заманауи материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етеді, ал әкімдік өз тарапынан инженерлік коммуникациялық желілерін жүргізеді және ішінара құрал-жабдықтар алуға қолдау көрсетеді деп жоспарланып отыр.
Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров жаңа орталықта пациенттерді емдеу және диагностикалаудың жаңа тәсілдері қолданылатынын айтты. Емдеу барысында сызықтық үдеткіш, химиотерапияны емдеу әдістерін пайдаланатын интервенциялық хирургия қолданылады. Одан басқа, скрининг орталығы, гематология, оңалту, клиника фармакология бөлімшелері ашылып, радиология, химиотерапия, маммогинекология бөлімшелері жұмыс істейді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді