20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек26 қараша күні Талдықорған қаласының Достық үйінде Алматы облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы жетекші журналистер клубының қорытынды отырысы өтті. Шараға клуб мүшелері мен қалалық және аудандық газеттердің бас редакторлары қатысты. Күн тәртібінде жыл бойы атқарылған жұмысы сарапталып, келер жылға жоспарлар талқыланды.
Алматы облысы Ассамблеясының баспасөз хатшысы Маржан Бекишева сөзінде 2019 жылдың қорытындысы бойынша БАҚ-та бірлік пен этносаралық келісімге арналған 1235-тен астам материал жарияланғанын атап өтті. Аудандық газеттер арасында Панфилов ауданының «Жаркент өңірі» газеті ерекшеленіп, 11 ай ішінде этносаралық қатынас саласы бойынша үш тілде 96 материал жариялаған.
Өз кезегінде «Единый народ» бағдарламасының авторы және жүргізушісі Наталья Белова Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылына арналған жаңа бағдарламалар туралы айтып өтті.
«Единый народ» хабары 20 жыл бойы Алматы облыстық ҚХА-ның жұмысын насихаттап, татулық пен келісімге арналған барлық іс-шараларға белсене қатысуда», - деп айтып өтті «Жетісу» телеарнасының журналисі.
Шара соңы аудандық және қалалық газеттерді марапаттау рәсімімен аяқталып, қатысушылар алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?