19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қостанай облысында полицейлер такси жүргізушісінің қырағылығының арқасында алаяқтықтың алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
14 қыркүйекте Лисаков қаласында такси жүргізушісі Серік Нағашыбаевқа Лисаков қаласындағы бір мекен-жайдан заттар салынған сөмкені алып, Рудныйға жеткізу қажет екенін айтқан әйелден өтініш түскен.
Әйел жеткізу сомасын 8 мың теңге деп көрсеткен. Пакетті такси жүргізушісіне 80 жастағы зейнеткер берген. Ол қызының қиын жағдайға тап болғанын және тез арада заттарын жеткізу керектігін айтты. Серік Нағашыбаев мән-жайларды күдікті деп танып, полицияға хабарласқан. Зейнеткер қылмыскерлердің өзі шақырған такси арқылы алаяқтарға 3 миллион теңге аудармақ болған.
Полиция қызметкерлері Диас Рахметов пен Ерқанат Рахимов қызында бәрі жақсы екенін айтып, зейнеткерге ақшаны қайтарып берді.
Қазіргі таңда полицейлер алаяқтық жасамақ болған адамдарды анықтау мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Зейнеткердің қызы Елена Кононюк полиция қызметкерлері мен такси жүргізушісіне алғысын білдірді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары