23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТаиланд елінде құлдықта болған екі қазақстандық қыз босатылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада өткен брифингте мәселенің жай-жапсары баяндалды. Белгілі болғандай, екі қыз елдегі call-орталық қызметіне оператор болып жұмысқа орналаспақшы болған. Алайда жұмыс орнына барған бетте жұмысқа емес, құлдыққа түсіпті. «Жұмыс берушілер» қазақстандықтарды бопсалап, бостандық үшін 10 мың доллар талап еткен.
Қаңтар айының соңында Таиландтағы елшілікке отандасымыздың еңбек құлдығына тап болғаны жайлы ақпарат түскен. Құрыққа түскен жәбірленуші елшіліктен көмек сұрады. Жергілікті билікпен бірлесіп атқарылған іс-шаралар барысында құлдықта бір емес, екі азаматтың бар екені анықталды. Бір ай шамасында келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде екеуі де құтқарылып, елге қайтарылды, - деп нақтылады Смадияров.
Сондай-ақ Таиландпен шекаралас Мьянма және Лаос аумағында шамамен 200-ге жуық қазақстандық еңбек құлдығына түскені анықталды. Екі ел елшілігі көмегінің арқасында қазақстандық 28 азаматты құлдықтан құтқаруға мүмкіндік туды. Сонымен қатар 60-қа жуық азамат елшілік қолдауынсыз елге оралғаны белгілі болды.
Айта кету керек, аталмыш елдердің аумағында әлі де 100-ге жуық қазақстандық азамат құлдықта отыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады