18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Мемлекет басшысы Алматыда Қаңтар оқиғасының эпицентрі болған жерде «Тағзым» мемориалын орнатты. Мемориал қаңтар құрбандарының рухын бағыштап тағзым ететін және еске алатын, сондай-ақ халқымыздың даналығын, батылдығы мен күш-қуатын көрсететін орынға айналады. Мемориалдың ашылу рәсіміне өнер қайраткерлері мен саясаткерлер қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мемориалды таныстыру жобасының отырысына қатысқан қазақтың жазушысы Смағұл Елубаев өзінің естеліктен алған әсерімен бөлісті.
«Тағзым» мемориалы ақ пен қара тастан салынғанын байқауға болады. Тастардың бетінде қазақ даналарының даналық сөздері мен ой-толғаулары жазылған. Абайдан бастап нақыл сөздерінің тізбесі бар. Мемориал ұзыннан ұзаққа созылып жатыр. Мемориалдың ортасында қара тастан соғылған кішкентай бассейнге су толтырылған. Бұл дегеніміз Қаңтар оқиғасы орын алған кездегі адамдардың көз жасы, қайғы мен қасіретін, мұңын көрсететінінің белгісі. Әр бұрышы оқиға мен қайғыға толы, астары бар естелік», – деді Смағұл Елубай.
Осы тұста мемориалда орналасқан бассейннің жанына мұңлы әуен ойнап тұрғаны дұрыс деп өз ұсынысын білдірген. Бұл ұсыныс алдағы уақытта іске асырылуы мүмкін екенін айтты.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр