19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын тағы екі қазақстандық боксшы жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшы Гүлсая Ержан ширек финалда Аустралия елінің өкілі Есета Флинтпен кездесті. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша аустралиялық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
60 келіге дейінгі салмақтағы ерлер құрамасының спортшысы Бейбарыс Жексен болса, ширек финалда Париж-2024 Олимпиадасының жеңімпазы Абдумалик Халоковпен (Өзбекстан) қолғап түйістірді.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен Абдумалик Халоков (Өзбекстан) жеңіске жетті.
Жарыс жолынан шығып қалған үшінші боксшы - Ертуған Зейнуллинов. 65 келіге дейінгі салмақтағы отандасымыз Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхужаевтан жеңіліп қалды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары