Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлордада түнде болған жол апатында бірнеше жүргізуші мен жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
21 қыркүйекке қараған түні Астанада Керей Жәнібек хандар көшесі мен Сауран көшесінің қиылысында үш көлік қатысқан жол апаты болды.
Полиция дерегінше, Geely автокөлігінің жүргізушісі жолақ ауыстырмақ болған сәтте алдындағы Toyota көлігіне соқтығысқан. Одан кейін ол қызыл жарыққа өтіп, қиылыста тұрған Chevrolet көлігіне соғылған.
Қатты соққыдан Chevrolet жарық шам тірегіне және қоршауға соғылды.
Апат салдарынан Geely мен Chevrolet көліктерінің жүргізушілері мен жолаушылары түрлі жарақаттар алды. Олар дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, Chevrolet жүргізушісі қосымша тексеруден кейін ауруханаға жатқызылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді