Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев 52 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Андрей Морев «Жеңіс», «Оқжетпес», «Тобыл» және «Ақтөбе» сынды командалар сапында өнер көрсеткен. «Ақтөбеде» екі мәрте Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогының иегері болды. 2005 жылы еліміздегі ең үздік қақпашы атанды.
Андрей Морев Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында екі матч өткізді. Дебюттік ойынында қарсылас болған Түркия құрамасының пенальтиін сәтті қайтарып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленген еді.
Қазақстан футбол федерациясы Андрей Моревтің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның есімі отандық футбол тарихының парақтарында және командаластары мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады, - делінген ҚФФ хабарламасында.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?