19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?2023 жылғы әлем чемпионатының финалисі Дулат Бекбауов антидопинг ережелерін бұзғаны үшін екі жылға жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл ақпаратты Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) растады. Агенттік Халықаралық олимпиадалық комитетінің құрылымына кіреді.
Спортшы бір жыл ішінде үш рет допинг-қызметкерлеріне өзінің нақты орналасқан жері туралы мәлімет бермеген. Мұндай әрекет тесттен бас тарту немесе сынамадан жалтару ретінде саналатындықтан, жазасыз қалмайды.
Бекбауовтың дисквалификациясы 2025 жылдың 18 қарашасынан басталып, 2027 жылдың 17 қарашасына дейін созылады. Оның биылғы барлық нәтижелері толықтай күшін жойды. Алайда Бекбауов екі жыл аралығында ірі жарыстарға қатыспаған еді.
Айта кетерлігі, бұл тыйым тек әуесқой боксқа қатысты. Ал Дулат шілде айында кәсіпқой рингте алғашқы жекпе-жегін өткізген болатын.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары