Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБелгілі журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі Қайрат Беркінбаевтың жылдық асын берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Уақыт, не деген жүйрік едің, ағын судай... Бүтін жүректің екіге айырылғанына, қабырғамның қайысып, асқар таудың шағылғанына да бір жыл болды. Жүректегі сезімді, кеудедегі қобалжуды жеткізу мүмкін емес. Менің жай-күйімді тағдырластарым ғана түсінер... Қайрекеңнің жылдық асын бүгін беру бұйырыпты. Алыс-жақыннан жиналған ағайын-туыс, құрбы-құрдас, әріптестеріміздің қолдауына, көңілдеріне алғыс айтамын. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда бір-бірімізбен сыйласып қана өтуді жазсын. Барымызды, бақытымызды бағалайық», - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Айта кетейік, Қайрат Беркінбаев былтыр, 6 қарашада жүрек талмасынан қайтыс болған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді