29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖапонияның ірі университеттерінің бірі бірнеше жергілікті компаниямен бірлесе отырып, адам тәрізді роботтарды әзірлеу және өндіру жобасын бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл роботтар табиғи апаттардан кейінгі қалдықтарды тазалау мен құтқару жұмыстарында қолданылатын болады.
Васэда университеті Sre Holdings компанияларымен бірге биіктігі 3 метр, салмағы 300 кг адам тәрізді роботтар жасауға ниетті. Мұндай роботтар сағатына 5 км жылдамдықпен қозғала алады және 100 кг-нан аса ауыр заттарды қиналмастан көтереді.
Басты мақсат – Жапонияда жиі орын алатын жер сілкіністері мен басқа да табиғи апаттардан кейінгі қираған қалдықтарды тазалау.
Жобаның тесттік моделі 2026 жылдың соңына қарай дайын болады деп күтілуде, ал жаппай өндіру 2029 жылы басталады. Жапон мамандары бұл жобамен Asimo роботын жасаған ел ретінде, робототехника саласында елдің жетекші орнын қайтаруға ниетті.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек