29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТүркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанындағы «Жеті тандыр» мейрамханасы өртенді. Тілсіз жау қоғамдық тамақтану орнының 400 шаршы метр аумағын шарпыған, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
ҚР ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жалын ғимараттың екінші қабатынан шыққан. Сөйтіп, ғимараттың шатырына қарай өткен.
«Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД, апаттар медицинасы орталығының 28 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 12.50-де оқшауланды. Өрт көлемі нақтыланып жатыр. Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылды. Әкімшіліктің айтуынша, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер ғимараттан өз бетінше шығып кеткен. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», делінген хабарламада.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек