Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕліміздің Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік тіл кабинеті ашылды, деп хабарлайды El.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Кабинеттің ашылу салтанатын Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров өткізіп, рәсімге Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысқаны белгілі болды.
Ведомство өкілі бұл іс-шара мемлекет қайраткері, ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында өткізіліп отырғанын баса айтты.
Ахмет Байтұрсынұлы алғаш рет араб графикасы негізінде қазақ әліпбиін жасап, осының арқасында қазақ тілі іс-қағаздарын жүргізу тіліне, одан әрі ғылым тіліне айналды, – деді ол.
Айта кету керек, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ ауыз әдебиетінің дамуына көп еңбек сіңіріп, халық ауыз әдебиеті шығармашылығы мен ән-күй еңбектерінің үлгілерін жинақтады. Ол қазақ әдебиет тану ғылымының негізін салушы ретінде «Әдебиеттанытқыш», «Мәдениет тарихы» сияқты кітаптар жазды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді