20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӘлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Cветлана Айтбаева "Жақсы адамдарым" бағдарламасында қонақ болып, отбасы мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Димаштың анасы жас келіндердің басты қателігін атап, оларға өз ақылын айтты.
Біздің қатарластырымызда ренжісу, екі жаққа кетіп қалу, ажырасу, төркініне қайтып кету деген сияқты жайттар болмаған екен. Менің ойымша қазіргі жас келіндерге қажет дүние, "бас сынса, бөрік ішінде" дейді ғой. Отбасындағы ошақ басындағы әңгімені сырт жаққа тасымау керек. Ер азаматын ағайын-туысына, төркініне, қайын жұртына жамандап айтпау керек. Сол кезде ғана отбасында береке, тыныштық, керемет бірлік болады деп санаймын, - деп айтты әнші.
Оның айтуынша, қазір жаңа түскен келіндер аналарына хабарласып, көп шағым айтып жатады.
Өкінішке орай, бұл жайттар көптеп кездеседі. Осыдан қашық болу керек. Бір оттың басына келген соң, сол кішігірім отаның бірлігін сақтау үшін түк білдірмей, жаманын жасырып, жақсысын асырып бір түтінді түзу түтетіп отыру керек деп ойлаймын, - деді Светлана Айтбаева.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?