Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕсімі елге белгілі әнші Сәкен Майғазиев жол апатына түскеніне бір ай болғанда денсаулығы сыр бере бастаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткендегі жол апатынан кейін бір ай бойы шыдап жүре берген едім. Кеше шыдамай кеткен соң бір сынықшыға барсам, сүйегі шығып кетіпті. Шыбығы тайып, жүйке тамыры қысылып қалған шығар деп ойлап едім. Олай емес екен, – деп жазды әнші Instagram парақшасына.
Оның айтуынша, сүйек орнына түспейінше салмақ салмауы керек, себебі сынған сүйектің орнына су жиналып қалған көрінеді.
Сынықшы сүйекті орнына салып жатқанда жаным көзіме көрінді. Мүздай тер бұрқ етті. Сүйек орнына келгенше ауыр көтеруге болмайды, - дейді ол.
Еске сала кетейік, Сәкен Майғазиев қазан айында Сарыағашқа барар жолда апатқа ұшыраған еді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады