Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБүгін Сурдлимпиада ойындары аясында дзюдодан өткен жарыста қазақстандық спортшылар 2 алтын және 2 қола медальді ел қоржынына салды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Хамзе Ғұлама -66 кг салмақ дәрежесінде финалда алжирлік Бухидель Абдеррахманды иппонмен жеңіп, алтын медальді иеленді. Бұл салмақтағы қола жүлде Иран мен Оңтүстік Корея спортшыларына бұйырды. Ал, -73 кг салмақта Шадияр Қуандық ақтық сында Оңтүстік Корея спортшысы Хванг Хёндіде иппонмен жеңіп, чемпион атанды. Қола жүлделер Украина және Жапон спортшыларына бұйырды.
-60 кг салмақта Алтынбек Кәкітаев пен -48 кг Айым Жетпісбаева жұбаныш белдесулердің қортындасы бойынша қола жүлдегер атанды. Фериде Кара оглы (-52 кг) мен Дина Адамбаева (-57кг) қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады.
Жарыстың келесі күні ауыр салмақтарда 8 қазақстандық спортшы ел намысын қорғайтын болады.
Сондай-ақ, бүгін бадминтоннан ұлттық құрама спортышлары жекелей сында өнер көрсетті. Спортшылар алғашқы матчта қарсыластарына есе жіберді: Қазақстандық Салима Бакытова Гонконгтық спортшы Чинг Винг Тринити Иенгке 1:2, Аяжан Жұмабек кореялық Хуанг Ким - 0:2 және Тайбейлік Ян Ру Шинге 0:2, Виктор Волков словакиялық Петер Петрович 0:2, Артем Ковальский кипрлық Маркос Саввинес - 0:2 және Маркос Саввидес 0:2 есебімен жеңілді.
Айта кетсек, XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары 15-26 қараша аралығында өтуде. Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында төрт жылда бір өтетін дүбірлі додаға 81 елден 3000-ға жуық спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 209 дисциплинада бақ сынайды. Қазақстан ұлттық құрамасы 78 спортшыдан құралған және 8 спорт түрі бойынша ел намысын қорғайды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді