Сұраныстың артуына байланысты inDrive мыңдаған жүргізушіні платформаға қосып, қауіпсіздік шараларын күшейтті

Сұраныстың артуына байланысты inDrive мыңдаған жүргізушіні платформаға қосып, қауіпсіздік шараларын күшейтті

Аян Қайырбаев
Фото: inDrive

Бір апта ішінде inDrive Қазақстанда жаңа жүргізушілерден мыңдаған өтінім алды. Өтінімдерді жылдам өңдеу үшін компания құжаттарды тексеретін мамандар командасын екі есе ұлғайтты. Жексенбіден бастап мыңдаған жаңа жүргізуші желіге шықты. Бұл алдыңғы аптаның дәл осы күндерімен салыстырғанда бес есеге көп.

Барлық жүргізуші стандартты тексеруден өтеді. Олар жеке куәліктегі фотосуретті профильдегі фотосуретпен салыстыруды және автокөлікті тексеруді қамтиды. Бұл – платформаға қосылмас бұрын барлық жүргізуші өтуге міндетті рәсім. Тексеру әр жүргізушінің құжаттары өзекті екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар осы күндері inDrive Қазақстанның негізгі қалаларында фотобақылау жиілігін екі есе арттырды. inDrive осындай сұрау жіберген кезде жүргізушілер өздерінің жаңа селфиін және автокөлігінің фотосуретін ұсынуы керек. Суреттерді қосымша арқылы түсіру қажет, содан кейін олар тексеруге жіберіледі. Бұл тапсырысты платформада тіркелген жүргізушінің өзі орындап жатқанын және қызметті аккаунтқа тіркелген автокөлікпен көрсетіп жатқанын растауға көмектеседі. Сұраныс жоғары болған күндері фотобақылау талаптарын айналып өтуге тырысқаны үшін платформада 1300-ден астам жүргізуші бұғатталды.

Сервисте жүргізушілердің әртүрлі топтары үшін (жаңадан қосылғандарға да, тексерілгендерге де) тексерудің әртүрлі жиілігі қолданылады. Шағым түскен жағдайда жүргізуші шұғыл қосымша тексеруден өтеді. Фотобақылаудың жалпы көлемінің 98%-ы жасанды интеллект құралдары арқылы жүргізіледі, ал даулы жағдайлардың барлығын операторлар тексереді.

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанда жүргізушінің немесе автокөліктің сәйкес келмеуіне қатысты шағым түскен сапарлар саны өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 15%-дан астамға азайды. Ал сапарлардың жалпы саны өсті. Пайдаланушылардың басым бөлігі бір-біріне жоғары баға береді: қыркүйек айында жолаушылар жүргізушілерге қойған бағалардың 97,5%-ы және жүргізушілердің жолаушыларға қойған бағаларының 97,2%-ы ең жоғары баға – бес жұлдыз болды, – деп хабарлады inDrive баспасөз қызметі.

inDrive қосымшасында сапарға дейін, сапар кезінде және одан кейін жұмыс істейтін қауіпсіздік құралдары қарастырылған:

Жоғары сұраныс кезеңде сапарлардың қолжетімділігін сақтау үшін inDrive Қазақстанның негізгі қалаларындағы жүргізушілер үшін сервис комиссиясын 1%-ға дейін төмендетті. Осылайша жүргізушілер әр сапардан көбірек қаржы таба алады, ал жолаушылар сұраныс артқан уақытта көлік табу мүмкіндігіне ие болады, – деп атап өтті компания өкілдері.

Оқи отырыңыз

{