10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОсы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында шаштараздар мен сұлулық салондары 24,4 млрд теңгеге қызмет көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жалпы алғанда, сұлулық қызметтерін көрсетушілердің бағасы жылдық мәнде (2021 жылдың қараша айымен салыстырғанда) 17%-ға өсті.
Қараша айында Қазақстанда әйелдердің шаш қию қызметінің орташа бағасы 2 744 теңгені құрады. Өңірлер арасында бұл қызмет астаналық ханымдар үшін қымбатқа шығады екен – 4 166 теңге, ең арзаны Семейде – 1 714 теңге. Қалған қалаларда әйелдердің шашын қию қызметінің бағасы 2 мыңнан 3 мың теңгеге дейін барады.
Елімізде ерлердің шаш қию қызметінің орташа бағасы әйелдерге қарағанда сәл арзан – 2 037 теңге. Ер азаматтардың шашын алу бағасы Алматыда ең қымбат – 2979 теңге, арзаны Қызылордада – 1355 теңге. Басқа қалалардағы баға диапазоны 1400-ден 2500 теңгеге дейін.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді