Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқмола облысының Зеренді ауданында табиғаты көркем, бірақ тұрғындары азайған шағын ауыл бар. Қалың қарағайлы орманның іргесінде орналасқан Үлгілі ауылында бүгінде санаулы ғана отбасы тұрады. Кезінде ел қоныстанған мекендегі кейбір үйлер қаңырап бос қалған. Соған қарамастан ауылда тіршілік әлі тоқтамаған. El.kz интернет басылымының тілшісі табиғаты ерекше ауылға жолы түсіп, фотоға түсіріп қайтты.
Қарағайлы орманның іргесіндегі ауыл
Үлгілі – Ақмола облысы Зеренді ауданының Бәйтерек ауылдық округіне қарасты шағын елді мекен. Ауыл табиғаты көркем аймақта, қалың қарағайлы орманның жанында орналасқан.
Үлгіліге жету үшін алдымен Бәйтерек ауылына дейін асфальт жолмен жүресіз.
Бұл елді мекеннен кейінгі бағыт Үлгілі ауылына қарай жалғасады.
Жол бойында орманды алқаптар мен төбелер көзге түседі. Айналадағы табиғат ауылға барар сапардың өзіне ерекше әсер сыйлайды.
Ауылға кірген сәтте табиғаттың әсемдігімен қатар, елді мекеннің қазіргі жағдайы да бірден байқалады.
Кейбір үйлердің қабырғалары құлап, қаңырап қалған.
Бір кездері адамдар тұрған баспаналардың бүгінде бос тұрғаны ауыл тіршілігінің бұрынғыдай емес екенін аңғартады.
Санаулы отбасы ғана қалған
Қазір Үлгіліде бірнеше отбасы ғана тұрады. Олар негізінен мал шаруашылығымен айналысып, ауылдағы тіршілікті жалғастырып келеді.
Мұнда қаладағыдай қарбалас тіршілік жоқ. Ауылда тыныштық орнаған. Айналада қалың қарағайлы орман, ал көшелерде ескі үйлер мен мал бағып отырған санаулы тұрғындардың баспаналары ғана көзге түседі.
Үлгілідегі бүгінгі көрініс ауыл халқының азайғанын көрсетеді. Дегенмен елді мекенде әлі де түтін түтетіп, шаруашылығын жүргізіп отырған тұрғындар бар.
Үлгілі ауылының басты ерекшелігі – табиғатының көркемдігі. Бір жағынан, қаңырап қалған баспаналар көзге түссе, екінші жағынан, табиғаттың сұлулығы таңғалдырады.
Айналаның әсем табиғаты мен ескі үйлер ауылға ерекше көрініс береді.
Қалың қарағайлы орманның іргесіндегі Үлгілі – табиғаты көркем болғанымен, тіршілігі сиреген ауылдардың бірі.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары