7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Тасқынның салдарынан еліміз бойынша 8 200-ден астам мал қырылды. Бұл туралы "Біз біргеміз!" жалпыұлттық телемарафонында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дегенмен суға кеткен төрт түліктің шығыны өтеліп жатыр. Мәселен, Қарағанды облысы қырылған малдың өтемақысын толығымен төлеген. Атырау және Ақмола облыстарында өтініштер әлі де қабылданып жатыр. Қарағандылық Серік Қашкенбаев бір күнде түгел малынан айырылып қалған. Арнайы комиссия суға кеткен малды тез арада түгендеп, шығынын өтеп беріпті.
Екі-үш күн ішінде әкімдік шығынымды өтеді. Қазір малдың басы түгел деуге болады. Шығынды бір апта ішінде қолма-қол ақшамен өндіріп, мал басын түгендеп берді, – дейді ол.
Өтемақы мөлшерін малдың қара базардағы құнына қарай есептейді. Қаражат қазынадан да, бюджеттен тыс көздерден де тартылады. Ол үшін мал иесі жергілікті әкімдіктер құрған комиссияларға өтініш беруге тиіс. Ресми тіркелмеген не өлексесі табылмаған түлікке де өтемақы төленеді. Ол үшін өтініш жазарда малдың болғанын растайтын үш куәгерді ұсыну қажет.
Аталған алгоритмге сәйкес, су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының барлық иелері өтемақы алуға құқылы, – деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?