29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыСудан астанасы Хартумға әуеден соққы жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салдарынан 17 бейбіт тұрғын қаза тапқан, оның бесеуі – бала. Бұл туралы «Оңтүстік белдеуінің жедел жәрдем орталығы» ұйымының белсенділері мәлімдеді.
Оқиға сенбі күні кешке болған. 11 адам жарақат алды.
Шабуылдың артында кім тұрғаны белгісіз. Жедел әрекет ету күштері жауынгерлері Хартум аудандарына шабуыл жасаған ұшақты атып түсіргенін хабарлады.
Осы оқиғаға байланысты Судан армиясы ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Үкімет армиясы мен Жедел әрекет ету күштері сенбіде 72 сағатқа атысты тоқтату туралы келісімге қол қойған болатын.
Келісім жексенбі күні жергілікті уақытпен таңғы сағат 6-да күшіне енді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек