22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыСу тасқынына дайындық аясында 239 шақырым өзен арнасын тазарту, кеңейту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Ертіс өзенінің 27,4 шақырымы, Қиғаш өзенінің 73,7 шақырымы, Нұраның 1,1 шақырымы, Жайықтың 51,5 шақырымы және Жем өзенінің 85,5 шақырымы тазартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Былтыр өзен учаскелерін санациялау жөніндегі құжат қабылданды, оған сәйкес, 2027 жылға дейін 10 облыста жалпы ұзындығы 815 шақырым болатын 51 өзен арнасын және бір көлді тазарту жұмыстары қарастырылған.
Бұдан бөлек, «Қазсушар» кәсіпорны еліміздің бірқатар өңірінде 1147 шақырым каналдарды механикалық тазартудан өткізіп, 230 су құрылысын жөндеді.
Былтыр 36 жылда алғаш рет Ақтөбе су қоймасына кешенді реконструкция жасалды. Ал, Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы 58 жылда бірінші рет жөнделді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің 10 облысында жаңадан коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылысжайларды пайдалануға жауапты мамандандырылған ұйымдар құрылды. Олардың балансына 809 нысан қабылданды. 931 маман жұмысқа алынып, 203 арнайы техника берілді, – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев