Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚТЖ желісінде төтенше жағдайларға арналған 45 пойыз толық дайындықта тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Вагондар барлық қажетті құралдармен және материалдармен жабдықталған. 2650 текше метр кесек тастар, 8 мыңнан астам кондиционерлік емес шпалдар дайындалды.
Теміржолшылар алдын ала тасқын суды болдырмас үшін ағызып жіберу дайындықтарын жүргізді. Көпірлер, су өткізгіш құбырлар, дренаждық құдықтар қардан, мұздан және қоқыстан тазартылып, таулы және су бұрғыш жыралар, науалар мен кюветтер аршылды. Уба, Тентек, Селеті және т.б. өзендерде мұзды ұсақтау бойынша бұрғылау-жару жұмыстары жүргізіліп, аумақтық ұйымдармен бірлесіп 83 бөгет пен су қоймалары тексерілді.
Сонымен қатар Ақтөбе облысында теміржол магистралінен 16 км төмен орналасқан Жем теміржол станциясына іргелес жатқан ҚазГеоРуд ЖШС жеке меншігіндегі кіреберіс жол қарғын сумен шайылды.
Жем станциясының өзінде судың жиналуы байқалмайды, су бұру құрылыстары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Теміржолшылар станциялар мен аралықтарда, сондай-ақ өзендер мен су қоймаларына жақын орналасқан жол учаскелерінде су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг жүргізуде.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?