Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәжіліс кулуарында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев су айдындарында судың көлемін өлшейтін 137 гидробекет қажет екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министр көктемдегі су тасқынының жағдайы көп нәрсені айқындағанын жеткізді.
Біз әзірге Қазгидрометті дамытуға арналған тұжырымдаманы жасадық. Бірінші мәселе – тарихи, бұрыннан қалған гидропостар мен метеопостардың саны мен қолданылу үлесі. 137 гидрологиялық бекет қажет, оның 42-сі Су ресурстары және ирригация министрлігінің бағдарламасы аясында салынатын болады. Қалғаны бойынша жұмыс Үкіметте жұмыс жүргізіледі. Жоғарыда атап өткен тұжырымдаманың жобасын көруге болады. Алдағы уақытта, Құдай сақтасын, биылғыдай жағдай болса, біз толығымен мағлұмат қолымызда болып, соның нәтижесінде іс-шараларды басқа мемлекеттік органдармен бірігіп әзірлеп отыратын жағдайда болуымыз керек, - деді министр.
Ерлан Нысанбаев бүгінде елімізде гидрологиялық бекеттер мен метеорологиялық бекеттердің саны жеткіліксіз екенін атап өтті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді