30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСу тасқынынан зардап шеккен аймақтардан 1000-ға жуық бала «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, орталықта келесі аптада жаңа маусым басталады. Биыл жазда бұл орталық 6000-нан астам баланы қабылдайды.
Республикалық оқу-сауықтыру орталығы жазғы кезеңде әрқайсысы 15 күннен тұратын бес ауысым өткізеді. Әрбір ауысым рухани-адамгершілік, патриоттық тәрби беру, балалардың физикалық дамуы секілді түрлі бағыттарды қамтиды.
Биыл жыл басынан орталықта 5800 бала демалды, олардың 842-сі зардап шеккен аймақтардан келген балалар. Келесі аптада жаңа маусымға Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарынан тағы 17 бала келеді деп күтілуде. Жаздың соңына дейін су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан 1000-ға жуық баланы демалыспен қамту жоспарланып отыр, - делінген республикалық оқу-сауықтыру орталығының мәліметінде.
Айта кетейік, су тасқыны басталғалы бері түрлі еліміздегі республикалық сауықтыру орталықтарында 1083 бала демалды. Жазғы кезеңде демалыспен тағы 3,7 мыңға жуық бала қамтылады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды