Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕліміздің бірқатар аймақтарында су тасқыны жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жалғасуда. Зардап шеккен қазақстандықтарға жан-жақты көмек көрсетілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Үкіметі тұтынушылардың коммуналдық төлемдерін төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.
Кейінге қалдыру наурыз және сәуір айларындағы коммуналдық төлемдерді қамтиды. Төлемді тұтынушылар өсімпұлсыз кейінірек жүзеге асыра алады.
Су тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың тізімін (абоненттік нөмірлер) жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын болады.
Бұл тізімдер коммуналдық кәсіпорындарға жіберіледі, олар өз кезегінде коммуналдық төлемдерді кейінге қалдыру бойынша тиісті шараларды қабылдайды.
Сұрақтар туындаған жағдайда тұтынушылар ҚР ҰЭМ ТМРК-нің тиісті аумақтық департаментіне төмендегі нөмірлер бойынша хабарласулары қажет:
– ҚР ҰЭМ ТМРК Ақмола облысы бойынша департаменті: 8 (7162) 50-43-27;
– ҚР ҰЭМ ТМРК Ақтөбе облысы бойынша департаменті: 8 (7132) 55-73-60;
– ҚР ҰЭМ ТМРК Атырау облысы бойынша департаменті: 8 (7122)21-10-42;
– ҚР ҰЭМ ТМРК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті: 8 (7112) 25-13-25;
– ҚР ҰЭМ ТМРК Қарағанды облысы бойынша департаменті: 8 (7212) 41-52-96;
– ҚР ҰЭМ ТМРК Қостанай облысы бойынша департаменті: 8 (7142) 53-52-40;
– ҚР ҰЭМ ТМРК Павлодар облысы бойынша департаменті: 8 (7182) 32-12-04;
– ҚР ҰЭМ ТМРК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті: 8 (7152) 53-42-56;
– ҚР ҰЭМ ТМРК Ұлытау облысы бойынша департаменті: 8 (7102)76-03-91.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?