19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Кешенді құжатты Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жер шарының 70%-ын су алып жатыр. Алайда оның 97,5%-ы тұзды су. Қалған 2,5%-ы ғана ішуге жарамды. Сондықтан тіршілік нәрін үнемдеп қана қоймай, оны тиімді пайдалану өте маңызды.
Осыға байланысты ҚР су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірледі.
Кешенді жоспарды іске асыру аясында ел аумағында жаңадан 20 су қоймасын салу, қолданыстағы 15 су қоймасын және 14 мың шақырымнан астам суару жүйесін реконструкциялау жоспарланып отыр.
Құжатта қарастырылған осы және өзге де іс-шаралардың нәтижесінде министрлік тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, еліміздегі су қорын арттырып, суармалы жерлердің ауданын ұлғайтуға және су шығынын азайтуға ниетті.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары