Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПремьер-министр Әлихан Смайылов су ресурстарының тапшылығы жағдайында біраз жұмыс атқару керек екендігін және осы бағытта негізгі бағдарламалық құжат болатынын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тұжырымдаманың маңызды бағыты – су шаруашылығына қажетті инфрақұрылымды салу және реконструкциялау.
Көп жыл бойы оларды күтіп ұстауға тиісті көңіл бөлінбей келді. Мысалы, Орталық Қазақстан мен Астананың басты су арнасы Қаныш Сәтбаев атындағы каналда сорғы станциялары жұмысының тиімділігі небәрі 30%. Үлкен Алматы каналы пайдалануға берілген кезден бастап 40 жыл бойы жөндеу жүргізілмеген. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында магистральдық және шаруашылық аралық арналардың көпшілігі тозған. Нәтижесінде 40% су ысырап болуда. Тұжырымдаманың тағы бір маңызды бағыты – су үнемдеуді ынталандыру, – деді премьер-министр.
Сонымен қатар Үкімет басшысы су тапшылығында және суды тұтынудың артуы кезінде, ең алдымен, су шығынын азайту мен оны ұқыпты пайдалану өте маңызды екенін атап өтті.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді