Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚаржылық мониторинг агенттігі еліміздің үш облысында су тасқыны кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, селден қорғайтын бөгеттер мен су қоймаларын салуға және жөндеуге, өзен арналарын кеңейту жұмыстарын жүргізуге тиіс мердігерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-мен келісімшартқа отырған мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдіктелуде. ЖШС Алматы қ. «Ақсай өзенінің бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу» жобасын іске асырған. ЖШС-ның жауапты тұлғалары алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде, бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. Залал сомасы алдын ала есеп бойынша 775 млн теңгеден асады, - деді ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Сондай-ақ, ауыр зардаптарға әкеп соққан міндеттерге немқұрайлы қарау фактісі бойынша Ақтөбе облысындағы «Магаджан» бөгетін (су қоймасын) сенімгерлік басқаруға алған ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Анықталғандай, 2014 жылы бұл бөгет балық шаруашылығын жүргізу мақсатында жеке компанияға сенімгерлік басқаруға берілген. Алайда ЖШС тарапынан, бөгетті күтіп ұстау және қызмет көрсету бойынша өз міндеттері тиісінше орындамаған, - деді спикер.
Сонымен қатар, Ұлытау облысында ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары