Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСу добынан Қазақстан ерлер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының жартылай финалында жарыс қожайынымен шеберлік байқасты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазіргі Азиада чемпионы мен биылғы сары құрлық чемпионатының жеңімпазы арасындағы матч алғашқы минуттан бастап тартысқа толы болды. Бірінші ширекте қазақ ватерполшылары 3-2 есебімен алға шыққан. Ал қалған екі сетте жарыс қожайыны басым болды. Негізгі уақыт 13-13 аяқталды. Пенальти сериясында Қытай құрамасы жеңіске жетті.
Ханчжоудағы бәсекені Ұлттық құрама В тобында бастап, Гонконг пен Сингапурдан басым түсті. Екінші матчта Жапонияға есе жіберген. Сосын, ширек финалда Оңтүстік Кореядан 15-8 есебімен жеңген.
Енді қола медаль үшін Қазақстан мен Иран, алтын үшін Жапония мен Қытай таласады.
Жалпы Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындары тарихында 1994 жылдан бері 6 мәрте чемпион атанып, бір рет үздік үштікті түйіндегенін (2006 жылы) айта кетейік.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді