Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлімізде студенттер үшін электронды үкімет сайтында телефон нөмірін тіркеп, SMS алуға мүмкіншілік беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Бұдан былай студентке өтініш жазудың қажеті жоқ. Олар электронды үкімет сайтында телефон нөмірін тіркеп, SMS ала алады. Өтінімдерді проактивті форматта қабылдау жоспарланып отыр.
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа осындай түзетулер жобасы қоғамдық талқылау үшін жарияланды. Телефон нөмірін тіркегеннен кейін студент автоматты түрде мемлекеттік қызметті көрсету туралы хабарлама алады. Ол тек келісімді немесе қызмет көрсетуден бас тартуды жіберуі керек, содан кейін қажетті құжаттарды ұсынады.
Қағидалардың қолданыстағы редакциясына сәйкес, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ақпараттық жүйелері және электрондық үкімет порталы арқылы өтініш қабылданады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының жауабын күту мерзімі сұрау салу түскен сәттен бастап 24 сағатты құрайтыны атап өтілген.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары