Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекNetflix платформасында көрсетілетін ның түсірілім тобы Алматыға келді. Оңтүстіккореялықтар қаланың тарихи орындары мен ұлттық мәдениетімен танысты.
Жобаға танымал кәріс балуандары қатысады. Олар қазақ тағамдарынан дәм татып, ұлттық спортпен де танысты. Бұл – Қазақстанның туристік әлеуетін халықаралық аудиторияға танытудағы маңызды қадамдардың бірі.
Strong Fellas қандай жоба?
Strong Fellas – Netflix Korea түсірген спорттық-саяхат жанрындағы реалити-шоу. Бағдарлама алғаш 2025 жылы көрерменге жол тартты. Netflix-тің ресми мәліметінше, жобаға дәстүрлі корей күресі – ссирымды меңгерген кәсіби балуандар қатысады. Олар әлемнің түрлі елдерін аралап, жергілікті мәдениетпен танысады, ұлттық спорт түрлерін меңгеріп, әр елдің мықты спортшыларымен күш сынасады. Бұл жоба спорттық жарысты ғана емес, түрлі елдің мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттауды да мақсат етеді.
Алматыда нені түсірді?
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, Strong Fellas түсірілім тобы қаланың ең танымал туристік орындарын аралаған. Олар алдымен Көк базарға барып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты. Сондай-ақ ұлттық кәдесыйлармен танысып, корей салаттарының кең таралғанына ерекше қызығушылық білдірген.
Бұдан кейін түсірілім тобы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында, тарихи нысандарда болып, Алматының мәдени мұрасымен танысқан. Жоба барысында қатысушылар қазақтың қонақжайлығы мен ұлттық асханасына жоғары баға берген.
Strong Fellas жобасының негізгі ерекшелігі – әр маусымда жаңа елге барып, сол мемлекеттің ұлттық спорты мен мәдениетін көрсету. Сондықтан түсірілім тобы Қазақстанды таңдап алған. Қазақ күресі мен ұлттық спорттың бай тарихына қызыққан. Алматының табиғаты мен заманауи келбетіне тамсанып, ұлттық тағамдар мен көшпелі мәдениетті көргісі келген. Мұндай жобалар арқылы миллиондаған Netflix көрермені Қазақстанның көрікті жерлерін тамашалай алады.
Жобаның маңызы зор
Кейінгі жылдары халықаралық стримингтік платформалардың Қазақстанға қызығушылығы артып келеді. Бұған дейін де Netflix Қазақстанда саяхат форматындағы түсірілімдер жасаған.
Ал Strong Fellas – Қазақстанда түсірілім жасаған алғашқы кореялық спорттық реалити-жобалардың бірі. Netflix – әлемдегі ең ірі стримингтік платформалардың бірі. Сондықтан мұндай жобалар Қазақстанды халықаралық аудиторияға танытудың тиімді құралы саналады. Сарапшылардың пікірінше, әлемдік платформаларда Алматының табиғаты, ұлттық тағамдары мен мәдениетінің көрсетілуі шетелдік туристердің қызығушылығын арттырып, Қазақстанның халықаралық туристік брендіне оң әсер етуі мүмкін.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?