7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Стенд атудан Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, әлем кубогінің жеңімпазы Әсем Орынбай Olympic.kz сайтына сұхбат берді. Спортшы Париж Олимпиадасына жолдама алу үшін бар күшін салатынын мәлімдеді, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Осы маусым мен үшін өте жақсы өтті. Маңызды жарыстар көп болды. Ең жауапты турнир - біздің елімізде өткен Әлем кубогі. Сол сында жанкүйерлерді жерге қаратпай, бапкерлерімізді де қуантып, аралас жұптық сында алтын медаль алдық.
Мен үшін жазғы Азия ойындарының да орны ерекше. Аталған бәсекеге мақсатты түрде дайындалып, елге екі алтынмен оралдық. Мұны да жақсы нәтиже деп есептеймін. Ал Дохадағы әлем кубогінің финалында алтын алған сәтімді тарихи оқиға деп бағалауға болады. Өйткені, бұған дейін қазақстандық мергендер әлем кубогінің финалында алтын медаль алмаған, - дейді Әсем.
Стенд атудан Қазақстан командасының үздігі қазіргі таңда Париж Олимпиадасына жолдама алуды басты мақсат еткен.
Олимпиада жолдамасы жыл бойы өтетін рейтингілік турнирлердің қорытындысы бойынша және құрлықтық лицензиялық жарыстардың нәтижесіне қарай беріледі. Рейтинг жыл басынан бері өтетін әлем кубогі кезеңдері мен әлем чемпионатының қорытындысы бойынша түзіледі. Қаңтар айында Кувейтте өтетін Азия чемпионатында және Дохадағы әлем кубогінде бірінші, екінші орын иеленген спортшылар да жолдама алады. Қазір рейтингте 7-орында тұрмын. Осы турнирлерден Париж Олимпиадасына жолдама алу басты міндетім саналады, - дейді спортшы.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?