20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының үйлестіру комитетінің 5-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған отырысқа Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары және түркі ынтымақтастығы ұйымдарының, атап айтқанда, Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы, Түркі мемлекеттерінің Парламенттік ассамблеясы, Түркі академиясы, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры, Түркі инвестициялық қоры басшылары да қатысты.
Ұйымдардың басшылары атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Отырыс барысында Ә.Бақаев 2024 жылы Әзербайжан мен Қырғызстанда өткен саммиттердің қорытындылары бойынша мемлекет басшылары берген тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалу маңыздылығын, сондай-ақ ұйымдардың тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар ТМҰ Хатшылығы ғимараты алдында делегация басшыларының қатысуымен 2024 жылғы 6 қарашада өткен 11-ші ТМҰ Саммитінде қабылданған Ұйымның жаңа туын көтеру рәсімі өтті.
Бұдан бөлек ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары түрік әріптесі Айше Беррис Экинджимен екіжақты кездесу өткізіп, Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастарының өзекті мәселелері мен алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралардың кестесін талқылады.
Іс-шаралардың нәтижелері түркі интеграция ұйымдарының бағыт-бағдарын айқындап, тараптардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуге өзара мүдделілігін растады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?