Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқмола облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында жер теліміндегі үлестерін алдау жолымен сату арқылы алаяқтыққа барды деген бұрынғы СҚО әкіміне қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот үкімі Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотында шығарылды. Сотта әкімнің заң бұзушылығы анықталып, жер комиссиясының шешімінің күші жойылды. Іс материалдарына сәйкес, Ескендіровтың сыбайластарымен бірге ЖШС-ға қатысушылардың рұқсатынсыз жалған хаттамалар жасағаны белгілі болды. Бұл құжаттар Бурабай ауданы тұрғындарына тиесілі жер телімдерін кепілге беруге пайдаланылған. Салдарынан жер телімдері тартып алынып, сыбайлас кәсіпорынның иелегіне өткен.
Соттың қаулысымен И-дің талабы қанағаттандырылып, жер телімін беруден бас тарту бөлігіндегі жер комиссиясының шешімі заңсыз деп танылды, оның күші жойылды және И-ға жер телімін беру міндеті жүктелді.
Сонымен қатар, И-дің өтініші бойынша шешім қабылдау кезінде анықталған бұзушылықтарға байланысты, кінәлі тұлғаларға шара қолдану және алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, облыс әкімінің атына жекеше ұйғарым шығарылды.
Сот Е-ге бес жылға бас бостандығынан айыру түрінде шартты жаза тағайындады.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді