11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекЖаңа оқу жылының қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл мектептері жаңа автобустарға ме болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңір басшысы Айдарбек Сапаров мектеп директорларына заманауи үлгідегі 29 автобустың кілтін табыс етті.
Балаларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік — біз үшін маңызды жұмыс. Жаңа автобустар оқушылар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз болады, - деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.
Автобустар кондиционер, жылдамдықты шектегіш және қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған. Бұл көлік ерекше қажеттіліктері бар балаларға бейімделген: пандус пен жүргізушіні шақыру түймесі орнатылған.
Облыс бойынша ауыл оқушыларын 143 автобус тасымалдайды. Автопаркті жаңарту жұмысы жалғасын табады.
Жалпы, білім саласына қомақты қаржы құйылып жатыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыс орталығында 4 жаңа мектеп салынады. «Береке» шағын ауданында арнайы мектеп-интернатының құрылысы басталды.
Биыл 49 білім беру нысанында күрделі жөндеу жүргізілуде. Сондай-ақ мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2,2 млрд теңге бағытталды. Сонымен қатар, оқу орындары тәулік бойы мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етуге қаражат бөлінді.
Жаңа оқу жылында 1-4 сынып оқушылары мен балабақшаларда әлеуметтік тұрғында аз қамтылған отбасылардың балалары тегін ыстық тамақпен қамтылады.
Сонымен қатар, «Жас өркен» және «Береке» шағын аудандарында 2 балабақшаның құрылысы басталады.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес