Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСолтүстік Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ таратқан ақпаратқа сәйкес, Қызылжар ауданы Соколовка ауылының маңындағы Есіл-Петропавл автожолының 39 шақырымында Toyota Land Cruiser және Toyota Alphard автокөліктері соқтығысқан.
Салдарынан 6 адам зардап шекті; олардың арасында оқиға орнында қайтыс болған 64 жастағы Toyota Alphard жолаушысы бар. Өзге зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, екі жүргізуші де мас емес. Көлік құралдары мамандандырылған автотұраққа орналастырылды, - делінген ведомствоның хабарламасында.
ЖКО фактісі 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді