Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПетропавлдағы жаңа инновациялық жылыжайда қияр алғашқы жемістерін бере бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің ақпаратынша, жылыжайда күн сайын 6 тоннаға дейін қияр жиналады, толық қуатына шыққанда өнімділік 16 тоннаға дейін жетпек.
Жылыжай кешенінің жұмысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты.
Біздің облыс үшін қияр тұтыну көрсеткіші тәулігіне 50 тоннаны құрайды. Жаңа жылыжайдың өнімі облыс сұранысының 30 пайызын жауып, қыста бағаға әсер етеді, – деді облыс әкімі.
Жалпы, жаңа жылыжайдан жылына 3 мың тонна қияр, қызанақ және салат жиналмақ. «Зеленый север» серіктестігі жобаға 1,4 млрд теңге инвестиция құйды. Тағы 5,8 млрд теңгені «Солтүстік» ӘКК жеңілдетілген несие түрінде қаржыландырды. Мемлекет инженерлік желілерді тартуға да көмектесті.
Бұл 4-ші буындағы жылыжай кешені, Нидерланд елінің заманауи қондырғылары орнатылды. Жылыжайдың өз микроклиматы бар, бүкіл процесс компьютермен басқарылады.
Солтүстік өңір үшін жылыжайдың болуы – қажеттілік. Солтүстікқазақстандықтар жаңа піскен көкөністермен жыл бойына қамтылады, әрі импорттық өнімге қарағанда арзанырақ. Жергілікті қияр супермаркеттерде сатыла бастады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді