20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСолтүстік Қазақстанда уланған отбасының ісі бойынша медбикеге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екі баласы қайтыс болған Коваленконың отбасы қандай өнімнен уланғаны әлі де анықталмады. Сондықтан санитарлық ережелерді бұзу туралы қылмыстық іс тоқтатылды. Қазір полиция тамақтан уланған отбасына көмекке келген медбикеге қатысты тергеуді бастады.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Балалардың анасы уланған күні шұғыл түрде ауруханаға жеткізуді талап етпегеніне өкінетінін айтады.
Бірақ ол кезде не болып жатқанын мүлде түсінбедім. Медбике мұның бәрін көріп тұрды, бірақ ауруханаға жатқызу туралы ештеңе айтпады. Ол өзі көлікпен жүрді, бізді ең болмағанда толық дәрігерлік амбулаториясы бар көрші Боголюбово ауылына апаруға болады. Небәрі бес минуттық жол немесе жедел жәрдем шақыруы керек еді. Бірақ ол жайбарақат кетіп қалды, - дейді Галина.
Еске салайық, қайғылы оқиға Қызылжар ауданы Надежка ауылында болды. Уланған 1996 жылы туған ана және оның 2014 ж, 2017 ж және 2021 жылы туған балалары Петропавл облыстық ауруханасына жеткізілді. Кейінірек екі бала, 3 жасар ұл және 6 жасар қыз қайтыс болған еді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?