19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?СҚО полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен екінші сынып оқушысын іздеп тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
16 қазан күні полицияға Петропавл қаласының 68 жастағы тұрғыны жүгініп, сағат 14:00 шамасында 14 жастағы немересі серуендеуге шығып кетіп, қайтып оралмағанын хабарлаған. Атасының сөзінше, бала үстінде көк күртеше, аяғында қара-ақ түсті кроссовки, қолында өзі мініп жүрген қара түсті самокат болған.
7 жастағы екінші сынып оқушысын іздеуге қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Ювеналды полиция, жедел уәкілдер, еріктілер, ұстаздар сыныптастарының ата-аналары мен бей-жай қарамайтын адамдар сияқты мамандардың барлығы іздеуге қатысты. Іздестірудің нәтижесінде 23:07 шамасында Темір жол вокзалының Сәтпаев көшесі бойында жоғалған баланы криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Айбек Байқадамов тапты.
Баланың жағдайы жақсы екені анықталды. Баланың телефоны болмай, көшеде ойнап жүріп, уақытқа қарауды ұмытып кеткен көрінеді. Полиция қызметкерлері оны туыстарына аман-есен тапсырды. Полиция департаменті іздестіруге қатысқан еріктілерге, педагогтарға, ата-аналарға, сондай-ақ әлеуметтік желілердің арналарында бағдарды жедел орналастырған жергілікті жұртшылықтың әкімшілеріне алғысын білдіреді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары