Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекНәтижесінде мемлекетке 800 мың теңге залал келкен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
2023 жылғы 6 мамырда сағат 13-00 шамасында "Сапсан" жедел тобы мен Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері бірлескен рей жүргізді. Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Киалы ауылдық округінің Барыкөл ауылының маңындағы “Шағлытеңгіз" көлінің жағасында жабайы құстарды (қаздарды) рұқсат құжаттарынсыз, заңсыз аулағаны үшін Петропавл қаласының 4 тұрғыны ұсталды, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкері бар.
Аталған азаматтардан және полиция қызметкерінен заңсыз ауланған жабайы қоныс аударатын қаздардың 31 ұшасы, 2 бірлік моторлы қайық, 3 бірлік 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді.
31 жабайы қазды заңсыз ату нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 800 000 (алдын ала есептеу бойынша) теңгені құрады.
Оқиға орнына Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі уақытта оқиға орнын тексеріп, тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Заңсыз аң аулау фактісі 2023 жылғы 6 мамырдағы № 235958031000044 Аққайың ауданының СДТБД-де ҚК-тің 337-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді (адамдар тобымен жасаған заңсыз аңшылық).
Қылмыстық қудалау органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?