20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСолтүстік Қазақстан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 6 мамырда «Сапсан» жедел тобы мен СҚО аумақтық инспекциясының қызметкерлері бірлескен рейд жүргізген. Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Киалы ауылдық округі Барыкөл ауыл маңындағы «Шағылтеңіз» көлінің жағасында жабайы құстарды (қаздарды) рұқсат құжаттарынсыз, заңсыз аулағаны үшін петропавлдық 4 тұрғын ұсталды. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкері бар екені айтылды.
Аталған азаматтардан және полиция қызметкерінен заңсыз ауланған жабайы қоныс аударатын қаздардың 31 ұшасы, 2 бірлік моторлы қайық, 3 бірлік 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленгені мәлім болды.
31 жабайы қазды заңсыз ату нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 800 000 (алдын ала есептеу бойынша) теңгені құрады. Оқиға орнына Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазір оқиға орнын тексеріп, тергеу іс-шаралары жүргізілуде, – деп жазылған министрлік таратқан мәліметте.
Заңсыз аң аулау дерегі Аққайың ауданының СДТБД-де ҚК-тің 337-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Адамдар тобымен жасаған заңсыз аңшылыққа шығуға қатысты қылмыстық қудалау органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?