20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӨрт сөндірушілер СҚО Булаев ауданының М.Жұмабаев атындағы аудан орталығындағы тұрғын үйдегі өрттен 13 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы ақпарат 1 қаңтарда сағат 13:21-де түскен. 5 минуттан кейін кезекші қарауыл сол жерге келіп, адамдарды құтқаруға және өртті сөндіруге кірісті.
Өрт сөндірушілер Нұрсұлтан Шунгульшин мен Ерлан Мыжиканов 7 адам: 4 әйел мен 3 бала құтқарды. Өрт сағат 13:50-де толығымен жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.
Қарауылдың жеке құрамы жанып жатқан пәтерден 27 литрлік газ баллонын шығарды. Сол үйде тұратын аға лейтенант Ғалымжан Байбусин өрт сөндірушілер келгенге дейін қолда бар құралдармен өртті сөндіру шараларын қабылдап, өрт сөндірушілерге адамдарды эвакуациялауға көмектесті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?