20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСолтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірді қазақыландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңір басшысының сөзінше, мәселе бақылауда.
Жұмыс жүріп жатыр... Қазақ тілінде білім беретін мектептер мен балабақшалар әрі әлеуметтік нысандар пайдалануға берілуде. Курстар ашылып жатыр, - деді ол.
Ол оңтүстіктен квотамен көшіп келіп жатқандардың қарасы көп екенін тілге тиек етті.
Жыл сайын жолдар мен әлеуметтік нысандар салынып жатыр. Сондай-ақ оңтүстіктен арнайы квотамен адамдар көшіп келіп жатыр. Биыл шамамен 2560 адам келді. Оның ішінде 235 қандас бар. Жыл сайын оңтүстіктен келген адамдардың 85-89%-ы ауылдарда қоныстанып, қалып жатыр. Бұл да жақсы көрсеткіш, - деді ол.
Айта кетейік, СҚО-да қазақтардың үлесі – 35%.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?