Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСолтүстік Қазақстан облысына екі күндік жұмыс сапары аясында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин егін жинау науқаны барысымен танысып, ірі аграрлық кәсіпорындардың басшыларымен кездесті.
Солтүстік Қазақстан облысы егіс алқабы 4,4 млн га негізгі астық егетін өңірлердің бірі және қуатты ауыл шаруашылығы құрылымдарын құру және қолдау бойынша еліміздегі ең озық аймақ саналады. Тауарлы-сүт фермаларын, құс фабрикаларын және суару жобаларын салуды жеңілдетілген несиелендірудің сәтті тәжірибесі басқа өңірлерде екінші жыл қатарынан кеңейіп келеді. Сүт бағыты өңірдің жалпы өңдеу көлемінде 35% үлесті алады, сондай-ақ астық өңдеу (19%), май өңдеу (6,5%), ет өңдеу (7%) салалары дамыған.
Бүгінде «Тайынша Май» ЖШС мен «Мемolux» ЖШС өңірдегі Қытайға экспортқа бағытталған ең ірі аграрлық жоба. Қытайлық инвестор, «Сиань Ай Цзю» корпорациясының президенті, Алашанькоу т/ж стансасында сақтау көлемі 100 мың тонналық бонд қоймасына иелік етеді. Кәсіпорынның Сианда (ҚХР) 1 мыңнан астам дүкені бар және қазақстандық кондитерлік өнімдер, сыра, балмұздақ және басқа да азық-түлік өнімдерін экспорттаумен айналысады. Корпорация Сианьда логистика және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу паркін салды. Таяу болашаққа арналған жоспарда – қазақстандық өнімді Қытайға жеткізу үшін СҚО-да ұқсас кәсіпорын құру бар.
«Біздің астық ұнтақтау технологиямыз ең озық технологияның бірі саналады. Біз ұнды өте төмен температурада 15 рет тартамыз, бұл оның барлық пайдалы қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Қытайдың «Сиань Ай Цзю» корпорациясының президенті Цзя Хэй.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?