19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?СҚО-дағы колонияға жеке кәсіпкерлер бірнеше телефон өткізбек болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде 4 мыңға жуық сотталғанды жұмыспен қамтамасыз ететін 287 шағын және орта бизнес кәсіпорны жұмыс істейді. Тыйым салынған заттарды жеткізу арналарының жолын кесу мақсатында ҚАЖ комитеті тексеру топтарын күшейту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді.Өткен тәуліктің өзінде республиканың екі мекемесінде тыйым салынған заттарды алып жүруді жоспарлаған жеке кәсіпкерлердің өкілдері ұсталды.
Мәселен, 12 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №48 мекемесінде жедел және режимдік бөлімнің қызметкерлері өздерінің қауіпсіздік тобымен бірлесіп, жеке кәсіпкерліктің бірінің директорының құрылыс материалдарын тексеру барысында бірден 8 телефон, 8 SIM-карта, 2 қуаттағыш және 5 жұп құлаққап тапты. Сол күні №28 мекемеде автокөлікті тексеру кезінде өсімдік тектес заттары бар екі байлам табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, сот-химиялық сараптама тағайындалды.
Мобильді құрылғылар мен тыйым салынған заттар тәркіленді. Тыйым салынған заттарды жеткізуге тырысқан азаматтар жауапқа тартылды.Еске сала кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар мен басқа да бұйымдар бергені үшін әкімшілік жауапкершілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары